• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылордада алғаш рет бүйрек ауыстыру отасы жасалды –әкімдік 07.10.2014

«Ең ауыр операциялардың бірі болып есептелетін отаны облыстық медицина орталығының хирург дәрігерлері мен А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының дәрігерлері бірлесіп жасады», - делінген хабарламада.  

Айта кетейік, Қызылорда қаласының тұрғыны Ердәулет Бозғұловқа туған қарындасы Жаңагүл Бозғұлова донорлық жасап бір бүйрегін берді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір екеуінің де жағдайы бірқалыпты. Ұлттық  ғылыми хирургия орталығының бас директоры Жеткерген Арзықұлов сәуір айында бүйрек транспланталогиясын меңгеру үшін қызылордалық дәрігерлер А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық  ғылыми хирургия орталығында білімін жетілдіріп қайтқанын айтты.

Бүгінгі күні облыстық медицина орталығында ота жасау үшін барлық жағдайлар жасалған, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Денсаулық саласына биыл 35 миллиард теңгеге жуық қаржы қаралды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық. 


Back to the list