• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ертең Алматыда бір күндік халықаралық веложарыс өтеді 04.10.2014

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға әлемдік деңгейдегі 20 команда қатысады. Олардың арасында Astana Pro Team, Katusha, Giant-Shimano, Movistar, Omega Pharma – Quick-Step, сонымен қатар өткен жылғы Bardiane Valvole, CCC Polsat, Synergy Baku Cycling Project қатысушылары бар.

«Тур Алматы» веложарысының қонағы ретінде 2014 жылғы «Тур-де-Франс» жеңімпазы Винченцо Нибали келмек.

«Тур Алматы-2014» жарысында спортшылары 31 шақырымдық 6 айналымды жүріп өтлері тиіс.

«Жарыс «Алматы», «Kazsport» секілді отандық телеарналар мен әлемдегі ірі арналардың бірі «Eurosport»-тан тікелей эфирде көрсетіледі», - делінген хабарламада.


Back to the list