• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елордалық ЖОО студенттері футболдан Ұлттық студенттік Лига турниріне қатысады 04.10.2014

Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстанның футбол федерациясы арасында биылғы жылдың 12 мамырында құрылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтуде.

Айта кету керек, турнирге Назарбаев Университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Тұран-Астана Университеті, «Астана» Медициналық Университеті, Қаржы Академиясы мен Қаржы полициясы Академиясы студенттері қатысады.

Сонымен қатар алдағы уақытта бұқаралық спортты дамыту мақсатында бұл шараға республиканың өзге де студенттерін тарту жоспарланған.

Турнирдің басты мақсаты – спортты мемлекеттік сасаттың басым бағыттарының бірі ретінде дамыту, бұқаралық футболды насихаттау мен Қазақстанда салауатты өмір салтын студент жастар арқылы дамыту.


Back to the list