03.10.2014
Конгрестің басты міндеттемесі – гепотология саласындағы соңғы жетістіктерді таныстыру мен оларды тәжірибеге енгізу жайын қарастыру, деп хабарлайды ҚР Денсауық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Форум аясында ғылыми бағдарлама мен жаппай білім беру курсы қарастырылған. Ғылыми сипозиумдарда медициналық көмектерді ұйымдастыру, алдын алу және емдеу шараларының тиімділігін бағалау, скринингтік бағдарламалар мен гепотобилиарлы аймақ сырқаттарының менеджменті мәселелері қарастырылады.
«Аталмыш шараның ерекшелігі гастроэнтерелогияға мультидисциплинарлық әдісті басымдылыққа алып, гастроэнтерологтар, хирургтер, морфологтар, онкологтар мен инфекционистер арасындағы байланысты дамыту болып табылады», - делінген хабарламада.
Конгресс жұмысы нәтижесінде Қазақстанда гастроэнтерология мен гепатологияның даму міндеттемелері мен стратегиялық бағыттарын анықтау жоспарлануда.