24.09.2014
«Бүгінгі таңда елдің барлық аймақтарында балалар-жасөспірімдер спорттық мектептері жұмыс істейді. Жалпы, республикада 427 БЖСМ жұмыс істейді, онда 282 мың бала мен жасөспірім білім алады», - деді М.Сапашев.
Оның айтуынша, 2030 жылға қарсы БЖМС балалар санының 15 пайызын қамтуды жоспарлауда, жыл сайынғы өсім – 0,5 пайызды құрамақ.
БЖМС 110 спорт түрін қамтамасыз етеді, оның ішінде 52 олимпиадалық спорт түрі, 58- олимпиадалық емес спорт түрі.
Оған қоса, республикада спортпен айналысуға бағытталған 556 балалар клубы бар, 86 жасөспірімдер клубы жұмыс істейді. Бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту жалпыхалықтық міндет болып есептеледі», - деді ол.
Камила Амирова