23.09.2014
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің хабарлауынша, конференция жұмысына әлемдік деңгейдегі кардиохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, аритмологтар, ультрадыбыстық диагностика мамандары, дәрігер-кардиологтар қатысады. «Олар аортальді клапан патологиясын хирургиялық емдеудің өзекті мәселелерін талқылап, жүрек оталары кезіндегі басты жағдайлар мен оны алдын алудың заманауи шаралары, күрделі жүрек ақауларын емдеу, миокард инфарктін емдеу мен диагностикасының замануи әдістерін талқылайды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, конференция аясында қалпына келтіру-пластикалық хирургия бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Бұл операция кеңінен қолданысқа енгізілуі керек бірден бір ем түрі.
Өткен жылдан бастап жүрекке 800-ден астам операция жасалды, оның 280-і пластикалық. Қазақстан азаматтары үшін барлық операциялар «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында тегін жасалынады.