23.09.2014
Мұндай іс-шара өткізу үшін таңдаудың елімізге түсуінің өз себебі бар. Қазақстан - әлеуметтік маңызды аурулар, оның ішінде онкологиялық аурулар бойынша ұлттық деңгейде тіркелім жүргізілетін санаулы посткеңестік елдердің бірі.
Тәжірибе алмасу үшін Астанаға Германия, Болгария, Франция, Түркия, Ресей және Украинадан халықаралық сарапшылар келді.
«Курс мақсаты – медициналық статистер, медициналық тіркеушілер, эпидемиологтар және обырды тіркеу саласында қызмет ететін өзге де мамандарды оқыту. Олар популяциялық тіркелімдерді жоспарлау және дамытудың озық тәжірибелерін, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, ел көлемінде және өңірлерде ықпалдасқан құрылымдар жасауды үйренетін болады», - деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Курстан өтуге Грузия, Молдова, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолиядан делегациялар келді.
Шара шеңберінде проблемалық мәселелер бойынша пікір алмасу, халықаралық тәжірибемен және ақпаратпен бөлісу, елдер арасында серіктестік байланыс орнату жоспарланып отыр.