• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Каноэ мен байдаркада ескек есуден  Қазақстан чемпионатына 160-тан астам спортшы қатысты 22.09.2014

Сайысқа Қазақстанның 12 өңірінен 168 ескекші келді. Олардың қатарында Бішкек қаласының (Қырғызстан) командасы да болды. Олар 200 және 500 метр қашықтықта сайысқа түсті.

Сайыс осымен он екінші жыл ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дене шынықтыру және спорт жөніндегі ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМҚК (бас директоры М.Н. Нашаев) бастамасымен өтіп келеді.

Сайысқа үздік жаттықтырушылар, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері қазылық етті. Бас төреші – «Жастар» республикалық дене шынықтыру және спорт қоғамы (РДШСҚ) төрағасының орынбасары В.В. Волков.

Өз сөзінде ол жарыстың бірнеше жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқанын, жасөспірімдерге үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Сайыс қатысушылары сөреден жылдамдық алудан бастап, қашықтықты жүзіп өту, өз нәтижелерін жақсарту, спорттық шеберлігін шыңдауға үйренетінін де тілге тиек етті.

Сондай-ақ сайыстың жаңалығы ретінде каноэдан қыздар арасындағы сайыс енгізілгенін айтты. Осымен үш жылдан бері қыздар арасында каноэдан жарыс ұйымдастырылып келеді, биыл 17 қыркүйекте финал өткізіліп, жеңімпаздар анықталды.

Жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионат қорытындысы бойынша жарыс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті. Олардың қатарынан Астана қаласының құрамасы да бойы көрсетті.

         


Back to the list