19.09.2014
British-Kazakh Society (BKS) жартылай қайырымдылық марафоны арқылы жиналған қаржы «Аяла» қорының «Дәрігер-бөлме» жобасының жүзеге асырылуына жұмсалады. Жоба аясында Талдықорған, Щучинск қалаларындағы балалар үйінде сенсорлық бөлмелер ашылады, делінген хабарламада.
Жартылай марафонның ұйымдастырушылары Астана қаласының әкімдігі мен британдық-қазақстандық қауымдастық. Қайырымдылық акцияның демеушілері «Эйр Астана» әуе компаниясы мен KIOGE, ENRC компаниялары.