19.09.2014
«Жаңа спорт объектісінің ашылуымен құттықтаймын! Бүгінгі жастар бақытты адамдар, өйткені олар сүйікті ісімен айналысуға барлық жағдай жасалған керемет уақытта өмір сүріп жатыр. Бұл скейтпарк сіздерге пайдалы болады деп үміттенемін. Сіздерге тек қана табыстар тілеймін!» - деді Қ.Уәлиев салтанатқа қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде.
Шара аясында астаналық БМХ, скейт, роллерлер, стрит воркаут пен паркур спортшылары өнер көрсетіп, көрермендер арасында естелік сыйлықтарды ұтып алу үшін арнайы байқаулар мен лотереялар ойнатылды.