19.09.2014
«Мекеме БАӘ мен ШҚО арасында 2011 жылы түзілген меморандум аясында ашылды. Араб Әмірлігі құрылсқа 1300 млн теңгенің грантын бөлді. Жергілікті бюджеттен 309 млн теңге бөлінді», - деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Аурухана қарағайлардың ортасында орын тепкен және заманауи қондырғылармен қамтамасыз етілген.
«Мен БАӘ-нің өкілдеріне бізге қаржылай көмек көрсеткені үшін алғысымды білдіремін», - деді облыс әкімі.
«Бұл біздің Қазақстанға деген достық қарым-қатынасымыз. Біз Қазақстанда дені сау адамдар мен балалар тұрғанын қалаймыз. Бұл Қазақстандағы балалардың денсаулығын арттыру үшін жасаған біздің шағын көмегіміз», - деді БАӘ қаржы министрінің орынбасары Мұхаммед Әл-Хурр Әл-Сувайди.
Ауруханада мамандандырылған медициналық көмек ШҚО-ның балаларына ғана емес, сондай-ақ, Павлодар,Қарағанды және өзге аймақтардың адамдарына да қызмет көрсетеді.