18.09.2014
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Қазақстанның медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудағы үлесін жоғары бағалады және ұйымның Бас директорының арнаулы шешімі бойынша ҚР Үкіметінің қолдауымен 2015 жылы Алматыда ДДҰ-ның кеңсесі ашылады», - делінген хабарламада.
Аталған орталық МСАК мәселелері бойынша Орталық Азия елдері үшін үйлестіруші рөлін атқаратын болады.
Еске сала кетейік, осы сессияда Франция, Мальта және Швеция елдерімен қатар Қазақстан 2015-2018 жылдары аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Атқарушы комитетінің мүшелігіне ену жөнінде ДДҰ ЕӨБ Өңірлік комитетінің қолдауына ие болды.