17.09.2014
«Қазақстан Франция, Мальта және Швеция елдерімен қатар 2015-2018 жылдар аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Атқарушы комитетінің мүшелігіне ену жөнінде ДДҰ ЕӨБ Өңірлік комитетінің қолдауына ие болды», - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан делегациясы сессияда медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы іс-шаралар жөнінде баяндады.
Қазақстандық делегацияның шақыруы бойынша ағымдағы жылдың қараша айында Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) ана мен бала денсаулығы саласындағы халықаралық сарапшылар тобы келеді деп жоспарланып отыр.