15.09.2014
«Өскеменде 10-14 қыркүйек аралығында V Ұлттық спорт ойындарында ҚР Президенті жүлдесі сарапқа салынды. Ойын 4 жылда бір рет ұйымдастырылады. Бәйгеге 1600-ден астам спортшы қатысты. Жалпыкомандалық көрсеткіште Шығыс Қазақстан облысы құрамасы 74 ұпай айырмашылықпен бірінші орынды жеңіп алды», - деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Екінші орында Павлодар облысы болса, үшінші орыннан Ақтөбе облысы құрамасы көрінді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жарыс 9 спорт түрі бойынша өткізілді: волейбол (ерлер және әйелдер), шағын-футбол, қазақ күресі, тоғызкұмалақ, асық ату, кір тасын көтеру, қолкүрес, үстел теннисі.