• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда теннисшілер саны жыл санап артуда – Д.Досқараев 11.09.2014

«Болашағымыз зор, жыл санап тенниспен шұғылданушылар саны артып келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда тіркелген және кәсіби түрде тенниспен айналысатындар саны 3 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш 6-7 жасынан бастап ракетканы серік етіп, бірнеше жылдан бері осы спорт түрімен айналысып, болашағын тек спортпен байланыстыратын жастарды қоспағанда есептеліп отыр», - дейді.

Оның айтуынша, елдегі теннистің дамуы инфрақұрылымды дамыту мен жаңа кордтардың салынуына байланысты.

«Әрине, бұл инфрақұрылымды дамытып, бапкерлік процесті оңтайландыруға тікелей байланысты. Осы орайда теннис кордтарының барлық азаматтар үшін ашық болуына жағдай жасау керек. Біздің теннисшілердің әлеуеті жоғары. Енді осы спорт түрімен бұқара болып айналысуға жол ашу керек», - дейді Д.Досқараев.

Индира Қауметова


Back to the list