11.09.2014
«Жас теннисшілеріміз қос бірдей атақты спортшының өткізетін шеберлік сабақтарына қатысып, біліктіліктерін жетілдіру мүмкіндігіне ие болмақ. Олармен бірге бір кордта болып, ойындарын тамашалаудың өзі жас жеткіншектерді қанаттандыра түсетіні анық», - дейді Д.Досқараев.
Сонымен қатар, Досқараевтың айтуынша, аталмыш оқиға әлем жұртшылығының қазақстандық тенниске деген қызығушылықтарын арттыра түспек.
«Бұл айтулы оқиға әлем халықтары мен спортшыларының назарын біздің елге, еліміздегі теннис спортына аудармақ. Өздеріңіз де білесіздер, көптеген елдер осындай жұлдыздарды көрсеткіш матчтарына шақыратыны рас. Р.Надальдың біздің шақыртуды қабыл алуының өзі біздің елде теннис спортының белгілі бір деңгейге көтерілгенінен хабар береді», - дейді атқарушы директор.
Айта кетейік, атақты испан спортшысы Рафаэль Надаль 2008 жылдың тамыз айы мен 2009 жылдың шілде, 2010 жылдың маусымы мен 2011 жылдың маусымы аралығында және 2013 жылдың қазаны мен 2014 жылдың маусымы аралығында әлемнің бірінші ракеткасы атағына ие болған.
Индира Қауметова