11.09.2014
«Қазақстан Теннис федерациясының басты мақсаттарының бірі елде осы спорт түрінің ірі белеске жетуі мен бұқараның кеңінен айналысуына қол жеткізу. Сол мақсатта халыққа тенниспен айналысу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау», - дейді Д.Досқараев.
Оның айтуынша, Рафаэль Надальдің Астанаға келуі қазақстандықтардың осы спорт түріне деген қызығушылықтарын арттырмақ.
«Әлемдік теннис спортының жарқын жұлдыздарының бірі Рафаэль Надальдің Астанаға келуі елде теннистің дамуына серпін беріп, қазақстандықтардың осы спорт түріне деген қызығушылықтарын арттырады», - дейді атқарушы директор.
Айта кету керек, аталмыш матчта оның қарсыласы әлемдегі теннисшілердің үздік 10-дығына енетін француз спортшысы Жо-Вильфрид Тсонга болмақ.
Индира Қауметова