08.09.2014
«Веложарысты жоспарлауда Халықаралық велосипедшілер одағының ұсыныстары ескерілді. Тур бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен қатар, жарыс жазық жол және тауға қарай көтерілуден тұрады. Шара өңірдің барынша әсем жерлерін жарнамалауды мақсат етеді», - дейді дене шынықтыру және спорт басқармасы жетекшісі Әбіл Донбаев.
Оның айтунша, шараға қатысушылар ретінде Ресей мен Өзбекстан спортшылары да тіркелген.
Қазақстан атынан жарысқа еліміздің 7 өңірінің спортшылары бақ сынасады, сонымен қатар «Astana Pro Team», «Almaty Bro Team» мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы бар.
Жарыс екі кезеңмен өткізіледі. Яғни, кәсіпқойлар мен әуесқойлар болып бөлінген. Жарысты көрсету үшін арнайы шығармашылық топ та бекітілген. Жарыстың жүлде қоры 5,7 млн теңге.