07.09.2014
Пациенттің сүйегін ауыстыру бойынша жаңа технологияны игеру үшін дәрігерлер Краснодарда біліктілік арттырды. Тағы екі хирург Санкт-Петербургтағы мамандандырылған Вредена травматология институтында бел сіңірін протездеу бойынша техникаға үйренді. Осындай протездеудің арқасында 3 жыл ішінде 80-нен астам адамның өмірі сақталды.
«Жоғары мамандандырылған көмек беру үшін травмабөлімдер қажетті қондырғылармен қамтылған. Ағымдағы жылы 10 американдық протез сатып алынады. Оталар мемлекет есебінен қайтарымсыз жасалады. Бұл ота шетелде 10 мың долларға жасауды қажет етеді. Себебі, 1 протездің құны 1 млн теңге», - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, ақтөбелік травматологтар жылына әр түрлі күрделіліктегі 900 ота жасайды.