05.09.2014
Игі шара шеңберінде 1,5 шақырымға жүгіру ұйымдастырылады, сонымен қатар, жергілікті билік органдарының өкілдері, құрметті қонақтар: ардагерлер, спортшылар мен әртістер сөз сөйлейді.
Бұдан басқа, отандық экстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт, жалпы спорттық жарыстар мен флешмоб жоспарлануда, деп хабарлады Астана қаласының Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру орталығы.
Сондай-ақ, фестиваль аясында «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылады, онда дәрігерлер денсаулықты нығайту, сақтау бойынша кеңестерді тегін береді.