03.09.2014
«Еліміздің халықаралық білім беру, сертификация мен медицина қызметкерлерін аттестациялаудағы бағалауға көшуіне байланысты дәрігерлердің біліктілігін бағалау жаңа форматта - симуляциялық технологияларды пайдалану арқылы жүргізілетін болады. Қазіргі таңда жаңашылдық тек жоғары білімі бар дәрігерлерге қатысты жүзеге асырылуда», - деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімдігі.
Бағалау алдында түсіндірме жұмысы жүрізілді. Тәжірибе жүзінде біліктілігін дәрігерлер арнайы медорталықта симуляциялық технологияларды пайдалану арқылы көрсетті. Бұл технологиялар арнайы аудио-бейне жазба технологияларымен де жабдықталған.
Біліктілік дәрежесін алуға үміткер дәрігерлердің өздері атап өткендей, бағалаудың жаңа жүйесі олардың біліктілігін бағалап қана қоймай, медициналық көмектін сапасын арттырады.