29.08.2014
Шараға 500-ден астам отандық және шет елдік дәрігерлер мен ғалымдар, сарапшылар қатысуда және олардың арасында осы салада дүниеге әйгілі мамандар мен дәрігерлерден тұратын 47 спикер бар.
«Бұл конгресте әлемнің түкпір-түкпіріндегі дарынды дәрігерлердің басын қосып, барынша молынан ғылыми баяндамалар мен шеберлік сабақтарынан тұратын бағдарлама дайындауды көздеп отырмыз», - дейді «ҰҒКО» АҚ басқарма тұрағасы Юрий Пя.
Айта кету керек, шараның өткізілуі кардиохирургия саласында заманауи технологияларды қолдану бағыттары мен оның болашағын анықтауға және ғылыми жұмыстарға барынша молынан мән беруге жол ашады.
Конгресстің мақсаты әлемнің әр елінің кардиохирургтарының басын қосып өзара тәжірибе алмасу, осы саладағы соңғы жаңалықтар туралы пікір алмасу болып табылады.
Индира Қауметова