28.08.2014
Медициналық мекеме ауысымына 150 баланы қабылдайтын балалар емханасы мен ауысымына 150 адамды қабылдайтын ересектер емханасын қамтиды, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Мұнда сәуле диагностикасы, функционалды диагностика кабинеттері, клиникалық-диагностикалық зертхана, жедел көмек бөлімі – травматологиялық пункт пен жедел жәрдем қызметі бөлімі, туберкулезге қарсы қызмет бөлімі бар.
Сонымен қатар, жаңа ауруханада емдеу-диагностикалық бөлімше қызмет етеді. Онда жалпыдәрігерлік тәжірибе бөлімі мен учаскелік қызмет, әйелдерге кеңес беру және физиоемдеу бөлімдері, күндізгі стационарлар болмақ.