15.08.2014
Шараға спортшылар, спорт ардагерлері, балалар, жастар, жұмысшылар, мемлекеттік қызметкерлер, банк қызметкерлері, т.б. қатысты.
Қала әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинова қалалықтарды күнделікті таңды жаттығумен бастап, салауатты өмір салтын ұстанып, бар-күш қуатын еліміздің өркендеуіне жұмсауды тіледі.
Бүгін біз барша өркениетті елдер сияқты күнімізді таңертеңгілік жаттығудан бастап отырмыз. Баршаңызды спортпен айналысуға шақырамын! Спорт күні құтты болсын, - деді Бұлбұл Бакинова.
Акция барысында қатысушылар фитнес жаттығулар жинағын орындап, черлидерлермен бірге би билейді.