14.08.2014
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде хабарлағандай, съезд жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, алыс және жақын шет елдерінен психикалық денсаулық саласындағы жетекші ғалымдар, ҰҚШҰ Хатшылығының қызметкерлері, РФ Есірткіні бақылау жөніндегі федералды қызметтің және ҚР ІІМ Нашақорлықпен және ескірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитетінің өкілдері, ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің бас наркологтары, сондай-ақ республиканың психикалық денсаулық қызметінің мамандары қатысады.
«Бұл іс-шараны өткізудің өзектілігі медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейіне психикалық денсаулық қызметін ықпалдастырумен негізделгеді, бұл жалпы алғанда қызмет тиімділігінің деңгейін, көрсетілетін қызметтердің халыққа қолжетімділігін жоғарылатуға, сондай-ақ психикалық және мінез-құлықтық бұзушылықтары бар адамдардың стигматизациясы мен кемсітушілігін төмендетуге мүмкіндік береді»,- делінген хабарламада.
Съезд бағдарламасында психиатрия, психотерапия, наркология және балалар психиатриясы бойынша секциялардың жұмысы жоспарланған. Сонымен қатар, «Наркологиядағы клиникалық психотерапия: теориясы және практикасы» мастер – класс ұйымдастырылатын болады.
Съезд шеңберінде Орталық Азия және Ресей Федерациясы республикаларында психикалық денсаулықты дамыту жөніндегі ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының екінші жұмыс жиналысы, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің бас наркологтарының IV кездесуі өтеді.
Съезд қорытындысы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы кезінде оң халықаралық тәжірибе негізінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекке психикалық денсаулық қызметін ықпалдастыру, ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінде нашақорлықпен ауыратын науқастардың профилактикасы, емдеу және әлеуметтік оңалту әдістерін жетілдіру бойынша бірыңғай стратегияны әзірлеу.