14.08.2014
Бас қосуда өңірде спорт саласының дамуы мен мүмкіндіктері сараланып, үздік спортшыларға облыс әкімінің құрмет грамотасы мен сыйлықтар табыс етілді.
«Спорт - мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Биылғы 2014 жылы дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін облыстық бюджеттен 5 млрд. теңге бөлініп, спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Жаңадан спорт кешендері салынып, ел игілігіне берілуде. Соның нәтижесінде спортшыларымыз республикалық және халықаралық жарыстарда 808 медаль, оның ішінде - 279 алтын, 233 күміс және 296 қола медаль жеңіп алды»- деп, атап көрсетті облыс әкімі Аңсар Мұсаханов.
«Бүгінгі күні спортшыларымыз Азия, Әлем чемпионаттарында спортшыларымыз көк туымызды желбіретіп, жоғары көрсеткіштермен жетістіктерге жетуде. Бұл ретте жетісулық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен Гаухар Ермекбайдың, грек -рим күресінен Нұрмахан Тыналиевтің, еркін күрестен Дәурен Жұмағазиев сынды саңлақтарымыздың есімдерін атап өтуге болады. Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысындағы үздік 60 спортшыларға ай сайын облыс әкімінің 30 мың теңгеден 150 теңге көлемінде стипендиясы беріліп тұрады», - делінген хабарламада.