14.08.2014
Ауыл тұрғындарына штаттан тыс кардиохирург, уролог, эндокринолог, кардиолог, невропатолог, окулист, ревматолог мамандары жіберілді.
Бөкейорда, Жәнібек, Казталов аудандарында және Жалпақдала да болған дәрігерлер 350-ден астам ауылдықтарға дәрігерлік кеңес берді, біреуіне сырқатына байланысты ем жазып берсе, енді біреулеріне диагностикадан өтуге жолдама берді.
«Облыстық денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, игі шара жергілікті жұртқа сапалы медициналық көмек көрсетуде, олардың денсаулығын нығайтуда бірегей мүмкіндік болды», - делінген хабарламада.