08.08.2014
Конференцияға органдар және тіндер трансплантациясы саласының мамандары, түрлі мемлекеттік органдардың, діни және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, психологтар, заңгерлер мен органдар салынған реципиенттер қатысады.
«Қонақтар және спикерлер арасында Чехия, Хорватия, Ресей, Беларусия елдерінің мамандары бар. Конференция шеңберінде Жапония және Оңтүстік Кореяның алдыңғы қатарлы трансплантолог-мамандары Ұлттық ғылыми медициналық орталықта және Астана қаласының №1 қалалық емханасында туыстық трансплантация саласында инновациялық технологияларды енгізу мәселесі бойынша мастер-кластар өткізіледі», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта еліміздің, алдыңғы қатарлы трансплантациялық технологиялар әлемдік стандарттар деңгейінде ғылыми орталықтарында ғана емес, сонымен бірге өңірлік клиникаларда енгізіліп келеді, оның ішінде, түрлі модификациядағы қосалқы қан айналымы құрылғыларын имплантациялау бойынша технологиялар. Донорлық жүректі ауыстырып салу үшін Organ Care system аппараты қолданылады. Органдарды тасымалдау уақытын қысқарту үшін Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктері және азаматтық авиацияның санитарлық авиациясы пайдаланылады.
Мемлекет органдарды трансплантациялау бойынша жоғары технологиялық операциялардың және реципиенттерді одан әрі оңалтуға барлық шығынды қаржыландырады.
Жалпы, өткен жылы республикада 163 донорлық органдардың трансплантациясы жасалды. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде – 116 түрлі органдардың трансплантациясы жасалды.
Конференцияның шеңберінде Қазақстан өңірлерінің мамандары трансплантацияға мұқтаж науқастардың өмірін сақтап қалуы үшін үздік трансплантациялық үйлестіру және трансплатациялық қызметті ұйымдастыру жүйесімен таныса алады.