• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ДСМ-де  Ұлттық телемедицина желісін жаңғырту жайы талқыланды 06.08.2014

Қазақстанда 2004 жылдан бастап Ұлттық телемедицина желісін құру және дамыту жөніндегі бағдарлама іске асырылуда. Бүгінгі таңда оның құрамына 190-нан астам объект кіреді. Бұл – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, облыстық, қалалық ауруханалар, аудандық орталықтар, республикалық клиникалар, медициналық ЖОО-дары, өңірлік басқармалар, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы.

Ұлттық телемедицина желісі сондай-ақ бейне-конференц-байланысты жүргізу үшін пайдаланылады. 2014 жылдың 7 айында 160-тан астам сеанс өткізілді. Республикалық клиникалар бейінді аурулар бойынша облыстық, аудандық ауруханалар үшін теледәрістер мен телесеминарларды өткізеді.

Қазіргі уақытта 2016-2018 жылдарға арналған Ұлттық телемедицина желісін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл – жабдықтарды, серверлерді жаңғырту, «АЖ-Телемедицина» бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту және өзге жұмыстар.  

Осыған байланысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына денсаулық сақтау ұйымының бейінін ескере отырып, медициналық жабдықтар бөлігінде қолданыстағы телемедициналық орталықтарды жаңғырту және жаңаларды құру жөніндегі ұсыныстарды енгізу ұсынылды.

Кеңестің барысында 2014 жылғы 25-29 тамыз аралығында Астана, Семей, Курчатов қалаларында  Қазақстанда «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» халықаралық қозғалысының 21-Дүниежүзілік конгресін өткізу мәселелері айтылды. Конгресстің жұмысында 300-ден астам делегаттардың қатысуы күтулуде, соның ішінде 270 шетелдік  қонақ: Ресей, АҚШ, Австрия, Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Филиппин, Жапония, Нигерия сияқты 43 мемлекеттен көрнекті қайраткерлер, ғалымдар, саясаткерлер, жас ғалымдар, студенттер келетін болады.            

 


Back to the list