• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Кореядағы ХVІІ жазғы Азия ойындарына 400-ге жуық қазақстандық спортшы қатысады (Брифинг бейнебаяны) 05.08.2014

«Биылғы жылы екі бірдей ірі спорттық кешенді шара өтеді. Оның бірі Нанкин (Қытай, 16-28.08.2014ж.) өтетін ІІ Жасөспірімдер олимпиадасы мен ХVІІ жазғы Азия ойындары (Инчхон, Оңт. Корея, 19.09-04.10.2014ж.). Жасөспірімдер олимпиадасына Қазақстаннан  51 спортшы қатысады. Олар спорттың 21 түрінен бақ сынайды. Қазіргі таңда жасөспірімдер мен қыздардың дайындығы  Олимпиялық ізбасарлар даярлау орталықтарында шоғырланған», - деді Тастанбек Есентаев.

Ал Азия ойындарында қазақстандық 400-ге жуық спортшы спорттың 39 түрі бойынша ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, 1998 жылы Бангкокте және 2010 жылы Гуанчжоуда біздің команда жалпы есепте қатарынан екі рет 5 орын алған болатын.

Агенттік тарапынан допингке қарсы күрес мәселесіне үлкен көңіл бөлінген. Қазақстанда Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (ВАДА) аясында жұмыс істейтін Ұлттық допингке қарсы орталық 2012 жылы құрылған.

Бұдан бөлек, елімізде 2004 жылдан бастап спортшылардың допингке қарсы зертханасы (АЛС) өз қызметін атқарып келеді. Әлемде мұндай зертханалардың саны небары – 32, оның ішінде 6-ы азиялық өңірде орналасқан.

Индира Кауметова 


Back to the list