• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2 тамызда Астанада шаңғы роллерінен ашық кубок өтеді 30.07.2014

«Жарыс коммерциялық сипатта емес, оның мақсаты – Қазақстан тұрғындары арасында шаңғы спорты мен салауатты өмір салтын насихаттау, шаңғы жарысына жүйелі түрде жастарды тарту болып табылады», - делінген хабарламада. Шараны ұйымдастырушы: «Ұлттық шаңғы жарысының  федерациясы».

Шара бағдарламасында балалар мен ересектер және ардагерлер жарысы жоспарланған. Оған 100 шақты адам қатысады деп күтілуде. Соның ішінде ҚР шаңғы жарысы ұлттық құрамасы мүшелері де бар. Жарысқа алыс-жақын шетел спортшылары да шақыртылған.

Естеріңізге сала кетейік, шараны ұйымдастырушы «Ұлттық шаңғы жарысы федерациясының» демеушісі «Самұрық-Қазына» АҚ.


Back to the list