• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елордада 10 күн ішінде веложалдау көрсеткіші  1000-ға жетті 21.07.2014

««Самұрық-Қазына» АҚ-ның  елордалық әкімдікпен және ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің «Астана Bike» бірлескен жобасының 10 күндік жұмыс қорытындысы бойынша  170 абонемент сатылды. Велосипедті  жалға алу 1000 рет тіркелген. Оның 90%-ы қосымша төлемсіз, яғни велосипедті айдау уақыты 30 минуттан аспаған», - делінген хабарламада.

Барлығы он күн ішінде 1 600 км-дан астам жол жүрілген. Ал, ең ұзақ бағыт –  22 км құрады.

Қазіргі таңда веложалдау бойынша 20 станция жұмыс істесе, тағы 20 станцияны орнату және сынақ тан өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетерлік жайт, 18 шілдедегі жағдай бойынша велосипедтерді ұрлау немесе қасақана бұзу сынды фактілер тіркелмеген. 


Back to the list