21.07.2014
Нысан небәрі бір айда пайдалануға берілді. Онда көпфункционалды спорт алаңы, жасанды шөппен жабылған футбол алаңы бар. Жалпы, қала тұрғыдары мен қонақтар үшін кез-келген уақытта спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған, деп «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлады.
Айта кетерлік жайт, спорт алаңы балаларға және үлкендерге арналған жаттығу құрылғыларымен жабдықталған. Ал, осындай игі бастаманы жүзеге асыруға республикалық бюджеттен арнайы қомақты қаражат бөлінді.