18.07.2014
Астанада Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министр С.З. Қайырбекова Шотландияның Данди университетінің басшылығымен кездесті. Кездесуге Қазақстанның барлық медициналық жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.
«Аталмыш Меморандумға қол қою медициналық білім беру саласындағы оқыту және ғылыми зерттеулер саласында халықаралық озық тәжірибені ілгерілетуге ықпал ететін болады. Ынтымақтастық медициналық білім беру сапасының жоғары стандарттарына қолжеткізу мақсатында академиялық ұтқырлықты дамытуды, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды әзірлеу және іске асыруды көздейді», - деп министрліктен хабарлады. .
Айакетерлік жайт, келелі құжат шеңберінде барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларын жетілдірумен қоса, Ұлыбритания және Данди университеті тәжірибесінің негізінде қазақстандық жалпы тәжірибе дәрігерлерін дайындау жүйесін дамытуда консультативтік-әдістемелік көмек көрсетілетін болады.