18.07.2014
Әлем біріншілігін өткізуге Қазақстаннан өзге Ресей, Ұлыбритания және Қытай ниет білдірген. Қорытындысында 20 адамнан тұратын атқарушы комитет мүшелерінің 18-і Қазақстанды қолдады.
Бұл әлем біріншілігіне Қазақстан құрамасының сапынан әлем біріншілігі мен Олимпиада ойындарында жүлде алған боксшы қыздар қатысады деп күтілуде. Айта кетейік, Олимпиада ойындарында әйелдер арасында тек 51, 60, 75 келіге дейінгі үш салмақтарда жүлде сарапқа салынады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатын қабылдады. Онда жерлестеріміз намысқа тырысып төрт алтын, екі күміс және екі қола медалды қанжығасына байлаған. Сөйтіп жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көрінді.