17.07.2014
«Министрлік біріңғай жедел медицина-құтқару қызметі жүйесін дамыту жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынган бері барлығы 68 күн ішінде «Денсаулық» және «Жәрдем» атты екі кеңес беру-диагностикалық поезымен 39 станцияның 8322 тұрғыны қаралып, соның ішінде 1212 балаға көмек көрсетілді. 77605 диагностикалық процедура өткізіліп, 152 шағын амбулаториялық операция жасалды», - дейді министр.
В.Божконың айтуынша, аталмыш поездар соңғы инновациямен қамтамасыз етілген.
«Бұлар телеконсультация жасауа мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық, зертханалық, УДЗ аппараттарымен, рентген құрылғыларымен жарақтандырылған», - дейді.
Сонымен қатар бүгінге дейін 14 трассалық медициналық-құтқару пунктері құрылысы жұмыстары жүргізілуде, ал санитарлық авиация тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді.
Индира Қауметова