17.07.2014
«Еркін таңдауға келер болсақ, егер азамат Оңтүстік Қазақстанда тіркеуде болғанымен қазіргі таңда Астанада болса, онда науқастан тіркеу қағазы сұралмайды. Бұл Астана мен Алматы және өзге де өңірлерге қатысты. Бұл өз кезегінде миграциялық мәселелерді шешуге оң әсер етіп, науқастың емін көтеретін Оңтүстік Қазақсатн бюджетінде қаражат қалмаса, онда тұрғын Астана бюджеті есебінен ем қабылдай береді. Қазіргі таңда тұрғылықты жердің тіркеу қағазы сұралмайды, бастысы азаматтың Астанада тұрып, осы жақта жұмыс істеуі. Тұрғылықты жердің қағазы сұралмайтынының тағы бір себебі аталмыш бастаманың өңірлік емес республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау саласының қолға алынуы болып табылады», - дейді министр.
Сонымен қатар С.Қайырбекованың айтуынша, бұл тәжірибе қазірдің өзінде оң нәтижесін беруде. Қазіргі таңда әрбір тұрғынның бас-басына қаржыландыру қарастырылған.
«Кейде мынадай жағдайлар болады. Отбасының әр мүшесіне әр түрлі дәрігерлер бекітіліп, сондағы отбасы мүшелері аталмыш компанияның бекітіп берген дәрігеріне ғана қаралуды әдетке айналдырды. Қазіргі таңда еліміздің барлық азаматы учаскілер бойынша бекітілді», - дейді.
Индира Қауметова