• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның Сынақ орталығы Еуропалық дәрілердің сапасын бақылау бойынша зертханалар желілеріне енеді 17.07.2014

«Сынақ орталығын аккредиттеуге және оның Еуропалық фармакопея дәрілік заттарының сапасын бақылау жөніндегі ресми зертханалардың Еуропалық желісіне (OMCL) кіруіне дайындық жүргізілуде, бұл сынақ нәтижелерімен өзара алмасу арқылы зертханалардың, контрафактілік және жалған дәрілік заттар бойынша халықаралық деректер базасына қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді сөз басында С.Қайырбекова. 

Сонымен қатар, ведомсвто басшысы импортқа жоғары тәуелділіктің, Кедендік Одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде медициналық өнімнің еркін ауысуының арқасында сақталып келе жатқан жалған өнімдердің дүниежүзі бойынша айналымының өсу үрдісін  ескере отырып, Министрлік айналыс процесіндегі медициналық өнімді бақылауды күшейтуге ерекше көңіл бөлуеде, деп атап өтті.

«Жалған өнім бойынша халықаралық дерекқорға Сынақ орталығының Еуропалық Фармакопея дәрілік заттарының сапасын бақылау жөніндегі ресми зертханалардың Еуропалық желісіне(ОМСL) 2015 жылдың соңына қарай кіру шеңберінде қол жеткізуге болады», - деп министр өз ойын толқытырды.

Денсаулық сақтау министрігінің мәліметі бойынша, көрсетілген кезеңде жалған өнім алынып, барлығы 2,5 млн. теңгеден аса сомаға айыппұл салынды.

Камила Амирова


Back to the list