• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Оңтүстік Корея дәрігерлері ШҚО-да 20 ота  жасайды 14.07.2014

Сапар аясында қонақтар Өскеменде тұратын жергілікті кәрістер  бірлестігінің мүшелерімен кездесіп, оларды дәрігерлік бақылаудан өткізеді.

Бұдан басқа, Оңтүстік Корея мамандары қалқанша без ауруы бойынша арнайы шеберлік сыныптарын жүргізбекші. Сонымен қатар, Өскемен мен Семей қалаларының медициналық мекемесінде 20 науқасқа хирургиялық ота жасалынады.

Сондай-ақ, кореялық әріптестер бас және мойын хирургиясы, эндокринді хирургия салаларының жетекші мамандарымен кездесуі өтеді.

Айта кетерлік жайт, шетелдік мамандардың сапары 2013 жылы ШҚО әкімдігі мен Оңтүстік Кореяның Каннам округі арасында жасалған меморандум аясында ұйымдастырылған. Келелі құжат аясында отандық 7 маман 2013 жылы Каннам Северанс  ауруханасында онкология, жедел медииналық көмек,  анестезиология мен реаниматология салалары бойынша оқытылды. Қазіргі таңда мамандар қалқанша без ауруы бойынша білімдерін жетілдіруде. 


Back to the list