11.07.2014
«Соңғы 2 жылды жақсы көрсеткіштермен көзге түскен 94 спортшы және жаттықтырушылармен келісім-шарт жасалды. Дзюдо, грек-рим күресі, каное мен байдаркада есу, судағы поло, ауыр атлетика бойынша құрама командаларға 17 шетелдік жаттықтырушы келісім-шарт негізінде тартылды», - деді Е.Қанағатов.
Сонымен қатар, спортшылар үмітті ақтамаған жағдайда құрама командалардың бас жаттықтырушылары жұмыстан босатылады, деп ол қадап айтты.
Естеріңізге сала кетейік, XVII жазғы Азия ойындары Инчхон қаласында 2014 жылдың 19 қыркүйегімен 4 қазан аралығында өтеді. Спортшылар алдына жалпыкомандалық есепте төртінші орын алу міндеті қойылып отыр.
XVII жазғы Азия ойындарына еліміздің 500-ге тарта спортшысы қатысады. Олар спорттың 39 түрі бойынша бақ сынамақ.
Жалпы, Қазақстанның ұлттық құрамасы осыған дейінгі бес бірдей Азия ойындарына қатысып, 113 алтын медаль жеңіп алған.