08.07.2014
Мемлекет басшысы заңнаманы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік реттеуді спортшыларды дайындауға деген заманауи талаптарды ескере отырып жақсартуға, мейлінше тиімді дене шынықтыру және спорт жүйесін қалыптастыруға бағытталған «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.