• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана күніне орай қазақ күресі бойынша турнир өтеді 17.06.2014

Дүбірлі дода осымен төртінші жыл қатарынан қала күнін атап өту қарсаңында өткізіледі. «Қазақстан Барысы» титулын иелену ол маңызды, әрі беделді. Биыл жоба 100 мыңнан астам көрерменді және қосымша 9 мыңнан жоғары онлайн көрерменді және 6 милионнан астам жанкүйердің басын қосады.  Байрақты бәсеке - ұлттық салт дәстүріміздің айнасы, қазақ халқының өзіндік ерекшелігі және  Қазақстанның ұлттық мәдениетінен сыр шертеді, деп Қала күніне орай өткізілетін мерекелік шаралардың штаб-пәтері хабарлады.

Сайыпқырандар сайысы тартысты өтеді деп күтілуде. Боз кілемде чемпиондық титулға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 33 палуан таласатын болады.

Жарыстың шешуші кезеңі 2014 жылдың 29 маусымында өтеді. Жауырыны жер иіскемеген қазақ күресі батырларының бәсекесі ұлттық және шетелдік арналарда  тікелей эфирден көрсетіледі.


Back to the list