16.06.2014
Өтінімдер қабылдау 4 шілдеге дейін жалғасады. Қазірдің өзінде елорда тұрғындары мен басқа қала өкілдері де додаға қызығушылық танытып отыр.
Спорттық және еңбек ұжымдарынан, мүмкіндігі шектеулі жандардан өтінімдер келіп түсуде. Марафон Қазақстан мен Қытай құрама командалары арасында матчпен ашылады. Жақында әуесқойлар арасында бірінші жарыс өткізілді, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.
«Astana Сup 2014» жарысын өткізу үшін арнайы 70 теннис үстелі орнатылады. Марафон аяқталысымен олар аренада қалып, қызығушылық танытқан барлық қала тұрғындарына күзге дейін ойнауға мүмкіндік беріледі.
Оған 200 астам ойыншы қатысып, өз бақтарын сынады. Қатысушылар жарыстың ұйымдастырылуына риза қалып, алдағы жарысқа қатысуға уәде берді.