16.06.2014
Жоспар бойынша «Салтанат Сарайынан» бастау алған шеру Қабанбай батыр даңғылымен «Сарыарқа» велотрегіне дейін тартылмақ. Көпшілік шараға кез келген велосипедші қатыса алады. Ал алдын ала болжам бойынша оған 2500 кісі қатысады деп күтілуде.
Спорттық шараның ұйымдастырушылары Астана қаласы әкімдігі, ҚР Велоспорт федерациясы, сонымен қатар елорданың 16 жылдығын тойлаудың ұйымдастыру комитетінің штабы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, берілген қаражат мүгедек спортшыларға қажетті керек-жарақты алуға жұмсалмақ.
Айта кету керек, веложарысқа таяудағы Азия чемпионатының жүлдегерлері де қатыспақ. Жарыстың құрметті қонағы ретінде олимпиада чемпионы Александр Винокуров шақырылған.
Мадина Нұрбекова