16.06.2014
Балқаш өзенінде үздік яхташы деген атқа ТМД елдерінен келген кілең «сен тұр мен атайын» деген спортшылар таласатын болады. Жалпы, чемпионатта 50-ге жуық кеме немесе Ресей, Украина, Өзбекстан, Балтық жағалауы мен Қазақстанның 200-ден астам спортшылары бақ сынайды. Ал, жарыс жолағының ұзындығы 325 шақырым.
Сонымен қатар, жарыстың тарихында алғаш рет биыл «Monella» әйелдер командасы өнер көрсетеді. Ол Қазақстанның абыройын қорғамақ, деп ҚР Дене шынықтыру және спорт агентігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Желкенді кеме - ол заманауи яхташылардың кемені басқару бойынша жарысатын сайыстың бір түрі. Айта кетерлік жайт, спортшылар бұл кезде тек өзінің кемені басқару қабілетіне және желге жүгіне отырып жарысады. Спортшылардың кемелері құрастырылатын немесе үрленетін болып келеді. Кемелердің құрастырылатын болып келуі оларды тасымалдау кезінде айтарлықтай қолайлы. Алайда, осыған қарамастан олар ашық теңізде жүзуге өте шыдамды, әрі оған 10 адам сыяды.