16.06.2014
Таңсәріден басталған велошеруге 500 астам полиция қызметкері қатысты. Олар жарты сағаттың ішінде «Атамекен» қорған кешенінің автотұрағынан бастап, «Қазақ елі» алаңына дейінгі қашықтықты бағындырды, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.
«Біз ардагер болсақ та, күніне 10-12 шақырым велосипедпен жүремін. Менімен бірге немерелерім де жүреді. Спорт деген өте жақсы нәрсе ғой. Сондықтан да барлық азаматтардан спортпен шұғылдануын сұраймын», - деді Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы бойынша ІІБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Кішкентаев.
«Спортпен айналысамыз. Бүгінгі мақсатымыз шеруді ары қарай нығайту, жандандыру. Былтыр да қатысқан едік. !шкі істер органында 15 жылдай қызмет етемін. Отбасым, екі балам бар. Барлығына үлгеруге тырысамын», - деді Астана қаласы Көші-қон полиция басқармасының аға инспекторы Құралай Қабышева,