15.06.2014
«Денсаулық саласының жұмысын жандандыру үшін жол картасы жасалды. Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Қазір ауылдық жерлерде амбулатория салып, медициналық орталықтарды соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудеміз. Бұл адам өмірін ұзарту үшін жасалып жатыр», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Сондай-ақ, өңір басшысы сала үздіктерін ҚР Премьер-министрінің «Алғыс хатымен», Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасымен және «Алғыс хатымен» марапаттап, үздік маман номинациясы бойынша 10 қызметкерге 1 миллион теңгенің сертификатын табыстады.
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, өңірде соңғы үш жылдың өзінде жаңадан 39 нысан ашылды. Тағы 40 денсаулық сақтау ғимаратын салу жоспарда бар.