• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Г. Әбдіхалықова  Премьер – Министрдің атынан медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады 13.06.2014

«Құрметті медицина саласының қызметкерлері, Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз, Медицина қызметкерлері күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Баға жетпес қоғамдық байлық – әрбір адамның басты бақытына, әрқайсысымыздың денсаулығымызға, болашақ ұрпақ денсаулығына және жалпы ұлт денсаулығына деген сіздердің қосып жатқан үлестеріңіз ең жылы лебіздерге лайықты. Медицина қызметкерлерінің кәсіби қызмет аясы мейірімділік, рақымшылық, гуманизм сынды адамзат құндылықтарына негізделеді. Бұл ақ халат киген әрбір азаматқа әлемдегі баға жетпес құндылық, адам өміріне, деген үлкен жауапкершілікті жүктейді», - деп  Г.Әбдіхалықова ҚР Премьер-Министрінің атынан құттықтады.  

Сонымен қатар, Г.Әбдіхалықова Үкімет басшысы атынан қазіргі жағдайда Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға экономикалық және әлеуметтік прогресс факторы ретінде ерекше назар аударылып жатқанын да атап өтті.

«Денсаулық сақтау жүйесі – экономиканың маңызды салаларының бірі, әлеуметтік жайлылықтың индикаторы, ал мықты денсаулық – экономикалық дамудың іргетасы. Бүгінгі күні елімізде диагностика мен емдеудің жаңа бірегей технологиялары даму үстінде, заман талаптарына сай емханалар салынып, медициналық білім беру мен ғылым жаңғыртылып жатыр. Медицина қызметкерлерінің тәжірибесі, кәсіпқойлығы, білімі мен шеберлігі, адам өмірі мен денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауы қоғамның тұрақты дамуының кепілі болып табылады. Қымбатты медицина саласының қызметкерлері, сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!», - деп ҚР Премьер-министрі құттықтау сөзін Г.Әбдіхалықова түйіндеді. 


Back to the list