13.06.2014
«Біз бүгін Қазақстан халықаралық медициналық туризмнің орталығына айналуын қамтамасыз етуіміз керек», - деді С. Қайырбекова.
ДСМ басшысы барлық медицина қызметкерлерін өзінің қызметін лайықты, адал атқаруға шақырды. «Медицина қызметкерлерінің жоғары біліктілігі сапалы медициналық көмек көрсетудің басты басымдығы».
«Тәулік ішінде біздің әріптестер мыңдаған туу үрдісін қабылдап, екі мыңға жуық ота жасайды оның ішінде жоғары технологиялы оталар да бар.Жедел жәрдем қызметі тәулігіне 18 мың рет шақырту бойынша шықты. Күніне біз 7,5 мың науқаспен жұмыс жасаймыз», - деді ол.
Сондай-ақ, С. Қайырбекова атап өткендей, ағымдағы жылдың 21 мамыры Женевада ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасында Алматыда ДСҰ географиялық шеттетілген кеңсесін құру туралы келісімге қол қойды. Кеңсе 53 мемлекетке қызмет ететін болады. Оның ішінде Еуропа да бар.
Камила Амирова