12.06.2014
«Қазақстанда инфекциялық сырқаттардың алдын алуды қаржыландыру 12 есеге өсіп, иммунопрофилактика 12 млрд теңгені құрап отыр», - дейді Ж.Бекшин.
Оның айтуынша, жыл сайын елімізде шамамен 4 млн адамға вакцина салынады. Соның 1,3 млн-ы тұмауға қарсы екпе егеді. «Осы орайда біз жыл сайынғы екпе жұмыстарын арттырып келе жатырмыз. Нәтижесінде Б гепатитіне шалдығу деңгейі 137 есеге төмендеді», - дейді.
Сонымен қатар, агенттік тұтынушылар құқығын қорғауды ұйымдастырудың кешенді жоспарын дайындады.
«Жоспар аясында тұтынушылар құқығын қорғаудың жаңа моделін дайындау мен санитарлы-эпидемиялық бақылауды жетілдіру, өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, санитарлы-эпидемиялық және тұтыну сараптамасы жүйесі жетілдіру қарастырылған», - дейді.
Камила Амирова